Көлік құралдарын басқару жауаптылығы туралы

19 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылғы 27 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №292-VІ ҚРЗ Заңымен  заңнаманың өзгеруіне байланысты  көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас болу жағдайында басқарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы қатаңдай түсті.

Енді Қазақстан Республикасы  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 608-бабы бойынша 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және міндетті түрде 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде  әкімшілік жауаптылығы көзделген.

Бұдан бұрын мұндай құқықтан айырылған адам қайта көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас болу жағдайында басқарағаны үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазамен және көлік құралын басқару құқығынан өмір бойы айырумен  қылмыстық жауаптылық көзделген.

 Лисаков қалалық соты ағымдағы жылдың 5 айына Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 608-бабы бойынша 24 жүргізушіні әкімшілік жауаптылыққа тартты.

Сонымен қатар көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушіні қылмыстық жауаптылыққа тарту фактісі бар.

Лисаков қалалық сотының 2020 жылғы 11 мамырындағы үкімімен аталған жүргізуші 6 ай мерзімге іс жүзінде бас бостандығынан және  өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Осыған байланысты жүргізушілерге масаң күйде көлік құралдарын басқармау фактілеріне жол бермеуді және жолда өзі мен азаматтарды қауіпке ұшыратпауды ұсынамыз.

 

 

Лисаков қаласының прокуратурасы