Кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарғандардың қылмыстық жауаптылығы

05 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кәмелетке толмаған балалардың құқығы мен зағдылық мүдделерін қорғау прокурорлық қадағалаудың басымдық бағыттарының бірі болып  табылады.

Осыған байланысты Лисаков қаласының прокуратурасы  алименттерді өндіріп алу туралы сот актілерін орындау саласындағы қадағалауды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.

Басқа жағдайларда алименттер бойынша борышкерлер оларды төлеуден қасақана жалтарады, оларға қатысты ықпал ету шаралары қолданылады.

Бұл тұрғыда  2019 жылға қабылданған шаралар нәтижесінде  ӘҚтК 669-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа алимент жөнінде 7 борышкер, соның ішінде 6 борышкер әкімшілік қамаққа алумен тартылды.

Бұдан басқа қала прокуратурасы әкімшілік шаралар жеткіліксіз болса, қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша да шараларды қабылдайды.

Нәтижесінде атқарушылық іс жүргізу тексерісінің қорытындысы бойынша «Г» борышкерге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша балаларын бағып-күтуге қаражат төлеу жөнінде міндеттерін орындамауына  қылмыстық іс қозғалды.

Осы борышкердің алимент бойынша жалпы қарызы 1 млн. теңге сомасында болды және оларды төлеуден қасақана жалтарды, сондай-ақ жұмысқа орналасуға ниеті болған жоқ.

Қылмыстық істі қарау қорытындысы бойынша Мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған істер бойынша 2020 жылғы 17 қаңтарында осы борышкерді ҚР ҚК 139-бабы бойынша айыпты деп таныды және 1 жылға пробациялық бақылау белгісімен бас бостандығына шектеу түрінде жазаны тағайындады.

Қала прокуратурасы осы бағыттағы жұмысты тұрақты негізде жалғастыруда.

 

Қостанай облысының

прокуратурасы

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу