Кәмелет жасқа толмағандардың мүддесінде алиментті өндіру бойынша прокурорлық ықпал ету шаралары

13 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылы Меңдіқара ауданының прокуратурасымен кәмелет жасқа толмаған балаларды асырау бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін 5 қаскөй борышкер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 100 000 теңгеден астам алимент бойынша берешек өндірілді және әкімдікпен бірлесе отырып 13 борышкер жұмысқа орналастырылды.

Мысалы, 1 илн.теңгеден астам берешегі бар азаматша Д. Сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарымен 27.12.2019 жылы Қостанай облысының кәмелетке толмағандар бойынша ауданаралық мамандандырылған соттың үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139 бабы бойынша (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) кінәлі деп танылып 300 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылды. 

         Үкім заңды күшіне енді.

 

Қостанай облысының

прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу