қала прокуратурасы борышкердің атқарушылық санкцияны төлеуден жалтыру фактісін анықтады.

12 шілде 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атқарушылық іс жүргізу саласында заңдылықты сақтау мәселесі бойынша №1 аумақтық бөлімнің қызметін тексеру нәтижесінде қала прокуратурасы борышкердің мемлекет кірісіне 10% атқарушылық санкцияны төлеуден жалтыру фактісін анықтады.

Осылайша, 20.08.2012 жылдан 31.01.2013 жылға дейін мемлекеттік сот атқарушысы А.Б.Сағындықованың іс жүргізуінде Ж.Б.Халиковтан Ж.К.Туреахметовтың пайдасына 1 010 000 теңге мөлшердегі қарызды өтеп алу туралы атқарушылық іс жүргізу жатыр.

Мемлекеттік сот атқарушысы А.Б.Сағындықованың 31.01.2013 жылғы қаулысымен Ж.Б.Халиковтан Ж.К.Туреахметовтың пайдасына 1 010 000 теңгені өтеп алу туралы атқарушылық құжат өндіріп алушының атқарушылық құжатты қайтарып беру туралы арызы негізінде, орындаусыз өндіріп алушыға қайтарылды.

Атқарушылық құжатты қайтарып беру заңдылығын тексеру мақсатында қарсы тексеріс жүргізілді, нәтижесінде, 1 010 000 теңге мөлшеріндегі қарыз толық көлемде төленгені анықталды, бұл туралы тиісті қолхат бар, сондай-ақ өндіріп алушы Туреахметов Ж.К. атқарушылық құжатты орындаусыз қайтарып беру туралы арызды сот атқарушысы А.Б.Сағындықованың айтып жаздыруы бойынша өз қолымен жазғанын, бірақ та арыздың мәнін түсінбегенін айтып түсіндірді.

Борышкер М.М.Халиковтың бұрынғы зайыбы сот атқарушысы А.Б.Сағындықованың көзінше 1 010 000 теңге ақшаны өндіріп алушы Ж.К.Туреахметовқа бергенін түсіндірді. Бұл туралы ол қолхат жазып берген және оның көшірмесін сот атқарушысы А.Б.Сағындықоваға беріп, борышкердің мүлігіне тыйым салудан алып тастауды өтінген, жоғарыда айтылғандардан аталған атқарушылық құжаттың толық орындалғанын көруге болады.

2013 жылғы 13 ақпанда сот атқарушысы Сағындықова А.Б. борышкердің мүлігіне тыйым салуды алып тастау туралы қаулысы шығарылған, алайда борышкер М.М.Халиковтан өндіріп алған соманың 10% мөлшерде атқарушылық санкцияны мемлекет кірісіне өндіріп алу мәселесі әлі шешілмеген. Сонымен қатар 10% атқарушылық санкцияны төлеуден ауытқу мақсатында сот атқарушысы А.Б. Сағындықова аталмыш атқарушылық құжатты өндіріп алушының арызына сәйкес орындаусыз өндіріп алушыға қайтарып берген.

Тексеріс нәтижесінде, Қостанай қаласының прокуратурасы атқарушылық құжатты өндіріп алушыға қайтарып беру туралы сот атқарушысы А.Б.Сағындықованың 31.01.2013 жылғы  қаулысына наразылық  білдірді.

Наразылықты қарау нәтижесі бойынша аумақтық бөлімнің басшысы К.С.Баймухановтың 2013 жылғы 20 мамырдағы қаулысымен осы қаулы жойылды, іс жүзінде орындалуына сәйкес атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды, сонымен қатар борышкерден 10% атқарушылық санкция өтеп алынды.  

Осы факт бойынша қала прокуратурасы «Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы» Заңның 12-бабы 1-бөлімі 4-тармағы бойынша мемлекеттік сот атқарушысы А.Б.Сағындықоваға қатысты тәртіптік іс жүргізу қозғады. Бұл құжат Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Тәртіптік  кеңесімен 5 шілдеде қаралды.