Қадағалау актісі бойынша мұғалімдерге үстеме ақы төленді

28 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

       Амангелді ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына өткізілген талдаудың шеңберінде аудандық білім беру бөлімінің тарапынан 58 мұғалімнің құқықтарының бұзылғанын анықтады.

       Атап атйқанда, 2016-2018 ж.ж. аралығында ауданның білім беру мекемелерімен мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмысқа байланысты заңмен көзделген үстемақы төленбеді.

       Қадағалау актісі бойынша белгіленген қызметкерлерге тиесілі жалпы сомасы 2 млн. теңге көлеміндегі қаражат төленген болатын.

 

 

 

Қостанай облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу