Іздестіру желісі бойынша жұмыстың нәтижелері

30 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Соттың  бастамасымен 2019 жылы басталған іздестіру істердің санын 44,8%-ке (86) төмендетуге қол жеткізілді (2018ж. – 156 тұлға).

         Осы көрсеткішке сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қарау үшін қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлерге, облыстың қалааудан прокуратуралардың мемлекеттік айыптаушыларына арнайы әзірленген қадамдық іс-әрекет алгоритмінің арқасында  қол жеткіздік.

          Қылмыстық істерді қарау жағдайда сот процестеріне дайындалу кезінде мемлекеттік айыптауды қолдайтын және қатысатын прокуратура қызметкерлері барлық қатысушылардың, әсіресе, сотталушы мен есепте тұрған тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету бойынша барынша мүмкін шараларды қабылдайды.

Осымен бірге ағымдағы жылы облыс соттарында прокурорлардың, іздестіру қызметін жүзеге асыратын қызметкерлердің қатысуымен қылмыстық қылмыскердің іздестіру тиімділігі мәселесі бойынша жиналыс өтті.

Хабар-ошарсыз жоғалған тұлғаларды іздестіру бойынша жүргізілетін жұмысқа қатысты.

Қадағалау қызметі барысында облыс прокуратурасы мен қалааудан прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалу фактісі бойынша қылмыстық істерді ҚК 000-бабынан ҚК 99-бабына қайта саралау  туралы 13 нұсқау берді.

Мысалы, 2019 жылғы 30 мамырда облыс прокуратурасының нұсқауы бойынша П.азаматының жоғалу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы кісі өлтіру фактісіне қайта сараланды.

Жүргізілген тергеу-жедел шаралар нәтижелері бойынша а.ж. 11 маусымында кінәні мойындаған және П. мәйітінің жерлеу орнын көрсеткен  И. азаматы ұсталды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен кінәлі болып танылды және оған 8 жыл бас бостандығынан айырумен жаза белгіленді.

 

Қостанай облысының прокуратурасы