Бюджеттік заңнама саласындағы қадағалау

17 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдарының маңызды міндеттерінің бірі шынайы зиянды төлету және мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау саласындағы жұмыс болып табылады.

Рудный қаласы прокуратурасы тарапынан жергілікті бюджетті қалыптастыру және мемлекеттік сатып алу сатысында бюджеттік қаражатты негізсіз көтеру фактісі анықталды.

Қадағалау актісі бойынша жергілікті атқарушы орган тарапынан соманы алда тиімді және мақсатты бөлуді белгілеумен 8 млн. теңге көлемдегі сомаға азайту туралы өзгерістер енгізілген.

Жіберілген заң бұзушылықтар үшін жергілікті атқарушы органның 11 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қазақстан Республикасының «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген бюджеттік қаражатты мақсатсыз және ұтымсыз қолданбау бойынша алдын ала шаралар қабылданды.

Рудный қаласы әкімдігінің «Железорудная ТЭК» МКК тарапынан бір жыл ішінде  канализациялық тазарту құрылыс жұмыстарын орындаудан қалған 184 млн. теңге көлемдегі ақшалай қаражат республикалық бюджетке кеш қайтарылған.

Қадағалау актісі бойынша осы сома мемлекет бюджетіне өндірілген.

 

Қостанай облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу