Бухгалтер қылмыстық жауаптылыққа тартылды

30 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы бюджеттік қаражатты жұмсау мәселесі бойынша талдау өткізу нәтижесінде, ауылдық аумақ әкімдігінің бухгалтері қаражатты иеленіп алу және ысырап ету фактісін анықтады.

Атап айтқанда, бухглатер К., өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, мемлекеттік органға жалған жұмысқа орналастырған өзінің жақын туыстарына еңбек жалақысын есептеп төлеген.

Қылмыстық іс-әрекет нәтижесінде мемлекетке 400 мыңнан астам теңге залал келтірілген, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде көрсетілген залал толық мөлшерде өтелді.

Аудан сотының 2020 жылғы 12 маусымдағы шешімімен К. азаматшасы сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқықбұзушылық орындауы бойынша айыпты деп танылып, 3 жыл бас бостандығын шектеумен, осыған қоса мемлекеттік қызметте және өзге де мемлекеттік органдарында лауазымды атқаруды өмірлік құқығынан айыру жазасы  тағайындалған.     

Шешім заңды күшіне енді.

 

 

              Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы