Біздің ардагерлер

13 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

12 наурыз күні облыс прокуратурасының ардагерлері қалалық ардагерлер Кеңесінің шақыруы бойынша құқық қорғау органдарының әріптестерімен бірге Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз Жеңістің мұрагерлеріміз» атты естелік  эстафетасына қатысты. Іс-шара қалалық Жеңіс саябағында өтті. Осы саябаққа Генерал-майор Панфилов атындағы сегізінші гвардиялық мотоатқыштар қызыл тас дивизиясы туының көшірмесі жеткізілді.

Эстафета 5 ақпанында Алматы қаласынан басталды, ал бізге Ақтөбеден келіп, әрі қарай Көкшетау қаласына барады. Ту 11 мың км қашықтықты жеңіп өтіп, Қазақстанның 21 қаласында болып келеді.

Қатысушылар алдында облыстық және қалалық ведомстволардың басшылары сөз сөйледі. Әсіресе, 95 жастағы ҰОС қатысушысы Михаил Иванович Подоляковтың сөздері жанға ұялайды. Ол танкист бола тұра, бірнеше рет жауынгерлік операцияларда фашистерді қатты талқандады. Көп көрген жауынгер әлемді қастерлеуге, ал егер сыртқы қауіп туындаса, басқыншыларға лайықты тойтарыс беруге тілек білдірді. Бұны оның бірге соғысқан жолдастары жасай алды.

Құқық қорғау органдарының ардагерлері қаза тапқан сарбаздарды еске алу қабырғасындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

          

 

 

Қостанай облысының прокуратурасы