А.ж. 6 айдың жұмыс қорытындылары

01 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қостанай облысының прокуратурасында а.ж. 6 айдың жұмыс қорытындылары шығарылған болатын.

Алқа отырысында қадағалау қызметінің нәтижелері талқыланды. Облыс прокуроры азаматтардың конституциялық құқықтарын және мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша қабылданатын шараларға назар аударды. Жылдың басынан бастап прокурорлар 70 мыңнан астам азаматтың құқықтарын қорғап, құқық қорғау органдарының қызметтік үй-жайларынан 13 азаматты, ал уақытша ұстау изоляторларынан 7 азаматты босатқандары белгіленді.

Қабылданған шаралармен ауыл тұрғындары үшін суға субсидияланған тарифті қолдануға мүмкіндік туды, ал прокуратураның талап қоюы бойынша газды тұтыну шарттарына қатысты 100% алдын ала төлем жойылған.

Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жерлер анықталды, қазіргі таңда ден қою шараларымен 24,6 мың га. жер қайтарылды.

29 млн. теңгеге 266 қызметкердің жалақысы бойынша берешектің төленуі қамтамасыз етіліп, бюджетке 2 млрд. теңгеден астам қаражаттың орны толтырылған.

Азаматтық істер бойынша қатысу барысында 1,4 млрд. теңгеге мемлекеттің мүдделері қорғалып, 47 апелляциялық өтінішхат қанағаттандырылған болатын.

Құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша профилактикалық шараларға аударылған басты назардың арқасында қылмысты 7,5 %-ке, алкогольдік масаң күйiндегі қылмыстарды 16 %-ке және қоғамдық орындарда жасалған қылмыстарды 12 %-ке төмендетуге қол жеткіздік.

Отырыстың қорытындылары бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

 

Қостанай облысының прокуратурасы.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу