Атқарушылық іс жүргізуге прокурорлық қадағалау жұмысының қорытындысы

31 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жыл ел үшін қоғам мен мемлекеттің әрі қарай дамуына  жаңа түрткі берген маңызды әлеуметтік-саяси оқиғаларға толы жыл ретінде есте сақталды.

Осыған орай облыс прокуратурасы органдарының атқарушылық іс жүргізу саласындағы қадағалау қызметінің негізгі мақсаттары кәмелетке толмағандардың, халықтың әлеуметтік-осал топтардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуі және мемлекеттің мүдделерін қорғау бұрынғыша қала берді.

Қойылған мақсатты тиімді іске асыру үшін облыс прокуратурасы бірнеше ұйымдастырушылық шараларды өткізді, оның ішінде мүдделі органдардың қатысуымен жүйелі проблемалар қарастырылып, оларды шешу амалдары көрсетілген Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы  күресті қамтамасыз ету жөніндегі облыстың үйлестіру кеңесінің отырысы болып табылады.

Аумақтық прокуратуралар мен атқарушылық іс жүргізу органдардың жұмысын үйлестіру жолымен өткен жылы біз 125 млн.теңгеден астам сомасына алимент бойынша борыштарды өтеуге қол жеткіздік, алимент бойынша әкімшілік жауаптылыққа 165 және қылмыстық жауаптылыққа  13 жосықсыз борышкерлер тартылды.

Аумақтың бизнес-қауымдастық өкілдері мен ірі кәсіп орындарымен көп тарапты меморандумдарды жасасу, бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру жолымен прокурорлар алимент бойынша 200-ден астам жұмыссыз борышкерлерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етті және де осы жұмыс қазіргі таңда жалғасуда.

Мемлекеттің кірісіне өндіріп алу туралы сот актілердің және атқарушылық құжаттардың орындамау үшін 85 борышкер жауаптылыққа тартылды.

Үйлестіру шараларымен біз мемлекеттің кірісіне борышты 14,5 млрд.теңгеден 1.7 млрд.теңгеге дейін төмендетуді іске асырдық.

Осы жұмысты біз жергілікті атқарушы органдары мен атқарушылық іс жүргізу органдарымен бірлесіп жүргіздік.

 

Қостанай облысының

прокуратурасы

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу