Ардагерлермен кездесу

28 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ардагерлермен кездесу - 134966063

Қостанай ауданының прокуратурасында прокуратура ардагерлерімен кездесу өтті.

Бұл іс-шара қатысушылардың есінде ұзақ сақталады. Аға буын өкілдері өздерінің ең жарқын естеліктерімен бөлісті, қадағалау органының қалыптасу және даму тарихы туралы әңгіме жүргізді.

Қостанай ауданының прокуратурасы 1937 жылдан бастап құрылып жұмыс істеуде. Көптеген оқиғалар соңғы 80 жылдан астам уақыт ішінде орын алған.

Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында ардагерлер екінші дүниежүзілік соғыстың ауыр жылдары туралы айтып берді. Фашизмді талқандауға қатысқан аға әріптестерін тегі бойынша еске алды. Прокурорлық саптан қызметкерлер әскер қатарына қабылданып, Жеңіс күнін жақындатты.

Мұрағатта 60-тан астам майдангерлер мен 15 тыл еңбеккерлері туралы деректер сақталған.

Ардагерлер іс-тәжірибемен, өмірден алынған тарихтармен бөлісті. Аудан прокуратурасының бірінші басшылары туралы еске алды. Олардың құрамы ұлттық және гендерлік белгілері бойынша әртүрлі болды. Аудан прокурорлары В.Г.Хлюпконы, Л.И.Махмутованы және В.Н.Наумовты атап өтті.

Абайдың 175 жылдығына орай оның шығармашылығы талқыланды.

Кездесу соңында облыс прокуратурасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Нагуманов ұжымға ұлы ағартушы және қоғам қайраткерінің «Қара сөз» кітабын сыйға тартты.

Қостанай облысының

прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу