2019 жылдағы Қостанай облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтерi орталығы жұмысының қорытындылары

25 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
2019 жылдағы Қостанай облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтерi орталығы жұмысының қорытындылары - 514459149

       2019 жылы үш жарым мыңнан астам азамат Қостанай облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтерi орталығына  (бұдан әрi- ҚҚҚО) шағымданған. ҚҚҚО-ның  жұмысы нон-стоп режимiнде жүргiзiледi.

       Егер бiр кабинетте қорғаушылар әке тану туралы арызды құрастыруға көмек көрсетсе, келесiде арызданушылар прокурорларға қылмыстық қудалау органдарының заңдылықты бұзушылықтарын жеткiзiп отырады немесе тәжiрибелi медиаторлар медиативтiк келiсiм арқылы азаматтарды татуластырады.

        Қараластыратын  сұрақтардың  көлемi аз емес.  

        Прокурорлар, сот орындаушылары, адвокаттар және  басқа да  мемлекеттiк органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi  алимент төлемдерін төлеуден бас тартудан бастап сот актiлерiнiң   заңдылығына дейінгі мәселелердi зерттейдi.

          Азаматтар көбiнесе тергеу және анықтау органдарының  жұмысына қатысты және әлеуметтiк-экономикалық саладағы мәселелер бойынша  арызданады.   

         Қалғандары азаматтық, әкiмшiлiк және сот аткарушылық  өндiрiстер  бойынша  келген.

        Биыл 400-ден астам азаматқа ҚҚҚО-ның  қызметкерлерi жазбаша түрде арыз және шағым құрастыруға көмек көрсеттi.

         Сонымен бiрге келген азаматтардың орталық министрлiктерге өз арыздарын «E-GOV» порталы арқылы жiберуге мүмкіндiгi  бар.

         ҚҚҚО-ның  негізі   қағидасы – әкімшiлiк кедергiлерсiз және қажетсiз бюрократиясыз өтiнiштердi жедел қарау болып табылады. 

                                              

 

 

 

                            Қостанай облысының прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу