Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 2909
    Дата: 08.07.2013 16:13:29
    Аты-жөні: Бақыр Несібелді
    Сұрақ:
    Менің аты-жөнім Бакирова Жұмакүл Мәндібекқызы. Мен Жангелді ауданы Қызыләскер ауылында туып өстім, қазіргі кезде Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державин қаласында тұрамын. Бірақ менің бауырларым мен анам әлі күнге дейін сол жерде тұрады. Есімнен кетпей жүрген өкінішім - жанымның қиналғаны, ағамның қаза болғаны, әлі есімнен кетпейді. Бұл жағдай 2013 жылдың 17 маусымында болған еді, ағамның жоғалып кетуіне куәгер болған 2 адам болды, біреуінің аты-жөні - Бекетов Кәдіржан Жаркөл ауылының тұрғыны, өзінің байлығымен адамды жұмсап, керегі жоқ кезінде қол жаулық құсатып лақтырып жіберетін адам, ал екінші адамның аты –Мираш, Жаркөл ауылының тұрғыны, Бекетов Кәдіржанның қолшоқпары, ұры, қанпезер... Ағамның аты – жөні Жармағанбетов Таңатқан Мәндібекұлы 1962 жылы 8 ақпанда дүниеге келген, 2013 жылдың 15 маусымында үйінен шығып кетіп содан үйіне оралмаған, соңғы рет көрген Кәдіржан мен Мираш болды және бұл оқиғаға қатысты адамдар, ағамыздың өліміне тікелей кінәлі деп күдіктенемін. Қандай жағдайда болса да, ұрса да 6 күн тығып, жоғалып кетті деп алдамай, ой-қырды іздетіп, сандалтпай шындығын айтқанда, осы кезде ағам тірі болатын ба еді?... Өздері іздеп жүрміз деп, оған қоса полиция қызметкері Талғат та алдап-соқты, ал өздері болса «Борлы» деген жерде шай, қымызын ішіп-жеп жүрді. Күдіктенуімізге себеп болған Зар қағып іздеп жүрген бауырларына таба алмайтындығын анықтап айтып: «Полиция қызметкері не табар дейсің... Біздің ауылда жоғалып кеткен адам табылушы ма еді?» деп полиция қызметкерлеріне мысқылмен қарап айтқан сөздері себеп болып отыр. Оның үстіне ағамның сүйегі алдында бірнеше рет шарлап іздеп өткен жазық жерден табылды, соған қарағанда ағамды өлтіргендер сүйегін сол жерге кейінірек әкеліп тастаған деп ойлаймыз. Сөйтіп жүріп өзіміз іздеп ақыр соңында өзім тауып, полицияны өзім шақырдым. (ал полициялар 4 сағатта әрең жетті)! Қарт анамды зарлатпай, бауырларын қанжылатпай, ағамыздан айырмай тірі кезінде қайтарып берсе қайтер еді... Ауыл әкімінің өзі де бала құсап Кәдіржанның алдында дірдек қағады. Бұл не деген сұмдық? Қайдағы бір саудагер және азын-аулақ малы бар, заң қызметкерлерінің алдында шіреніп, оларға дауыс көтеріп, өз айтқанын жүргізеді. Онда неге олар полиция киімін киеді, заңды неге қорлайды? Осындай бассыздыққа Қостанай облысы қалай қарайды? Жангелді ауданында Заң деген жоқ екен, полиция қызметкерлері қалтасы қалың адамдарға жағымпазданады, көзімізбен көргеніміз осындай жағдай. Жемқорлықтың алдын алу қайда?! Жангелді ауданында үкімет қашан орнайды? Баяғы заманмен қашанға дейін өмір сүреді? Егемендік алып, конституция болған соң халықтың көзі ашылды десек, әлі күнге дейін ол жақта қараңғылық, надандық, қолшоқпарлық өршіп тұр. Полиция киімін киеді, заңды неге қорлайды? Осындай бассыздыққа жол беруге бола ма? Осыны жазып отырған себебім, Жангелді ауданының тұрғындары қиналмай дер кезінде заң қызметкерлерінен көмек көріп, осыған ұқсас оқиғалар қайталанбаса екен деймін. Сонымен қатар Қостанай облысы осындай оқиғаға қатаң қараса деймін.
    Жауап күні:
    2013-08-07
    Жауап:
    Ответ на обращение Бакировой Ж.
  • Сұрақ №: 455
    Дата: 28.12.2012 11:55:24
    Аты-жөні: Қанатова Зарина
    Сұрақ:
    cәлеметсизбе қайда отінерімді білмегендіктен сізге жазып отырм менім жасым 16да міне 16 жыл болды акемнен көмек ала алмай жүргеніме ешқандай көмек бермейді Арқалық қаласынан болам ол жердин заң орындары көмектеспейді 16жыл болд отбасым осы іспен жүгіріп жүргеніме бірақ сотта сот орындаушыларыда бұл іске мән беріп қарамайды шарасыздықтан сізге жазып отырм өтінем қол ұшынызды созынызшы
    Жауап:
    Қостанай облыс прокуратурасымен Сіздің алименттерді өндіріп алу сот актісінін орындамау туралы шағымыныз қаралды. К.Н.Шокатовтан Б.Абдрахманованың пайдасына алименттерді өндіріп алу туралы орындау өндірісі Сіздің пайданызға 2012 жылы 29 маусым айында қозғалғаны анықталды. Арқалық қаласының сот орындаушылармен соттын шешімін мезгілінде орындалуына бағытталған барлық шараларды қабылдамауына байланысты, Арқалық қаласының прокуратурасымен заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым еңгізілді. Прокурорлық қадағалау атісінін қарау нәтижесі бойынша борышкерді заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту туралы сұрағы шешіледі. Егер берілген жауаппен келіспесеніз Сіз жоғары тұрған прокурорға шағым беруге құқылысыз.

Беттер