Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 21233
    Дата: 27.01.2016 16:17:36
    Аты-жөні: Карбозов Какимжан
    Сұрақ:
    Қостанай облысының прокуроры Қайыбжанов Марат Жолмағанбетұлына Жангельдин ауданы, Көлқамыс ауылының тұрғындарынан, Жангельдин ауданының Құрметті азаматы «Сыма - К» жеке шаруа қожалығы жетекшісінің кеңесшісі К. Карбозовтан Арыз. Мен осы арызым бойынша сізге айтарым төмендегідей жағдай: Жангельдин ауданындағы «Сыма – К » жеке шаруа қожалығы Қабырға өзенінің бойында Көлқамыс деген елді мекенде орналасқан. Біздің шаруашылықта 800 – дей ірі қара, 400 – жылқы, 2000 – қой, 60 түйе бар. Біз осы малды бағып, халыққа жұмыс беріп, әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жасап, мемлекетке тиісті салығын төлеп, жұмыскерлердің табысынан зейнетақы қорына ай сайын 10% аударып отырмыз. Осы сияқты үкіметке, халыққа пайдасы тиіп отырған шаруашылық жеріне өзеннен балық аулау үшін Қостанай облысынан Ресейдің баска аймақтарынан бірнеше «Джип» машинасымен келген балықшылар ауылымыздың тыныштығын қашырды. Келіп алып машинасымен ауылды әрі – бері аралап, қорқыныш ұялатып, ешкіммен сөйлеспей, шаруашалық басшысына жолықпай, өз білгендерін істеді. Малымыз жоғалады, жоғалған малдың терісін өзен жағасынын тауып аламыз, адамын іздесек таба алмаймыз. Қорадан қойымыз жоғалады, оныда таба алмаймыз. Ал жазда жиі келіп, өзен – көлден балық аулап, жағасында тамақ ішіп, от жағып, оны сөндірмей жерімізді өртеп кетеді. Осы секілді броконьерлер өзенді, көлдің жағасын қоқыстармен ластап табиғатқа зиян келтіріп әрі ауылымыздың тыныштығын кетіріп тұр. Олар арақ ішуді ұйымдастырады, сондықтан ауылдың жастарымен косылып ішіп төбелес – жанжал болама деп қорқамыз. Әсіресе түнде «Джип» машиналары ешкімге тоқтамай, ауыл арасында ерсілі – қарсылы көп жүреді. Осындай қауіпті жағдайды сізге хабарлауға еріксіз мәжбүр болдым. Мысалы, жақында 2016 жылдың 10 қаңтар күні кешкі сағат 17 шамасында Ақсуат қоныс орнында біздің мал суаратын ойықтың жанында, дәл мал су ішетін жерден Қостанайдан келген Ветлицин Евгений Валерьевич (аты жөнін кейін ішкі істер қызметкерлерінен анықтадық) бастаған бір топ азаматтар балық аулап жатыр екен. Мен, қасымда жүргізушім Нұрбаев Мейрамбек екеуміз шаруашылықты аралап жүр едік, бөтен адамдарды көргенсоң осы кісілерге барып: «үйдің іргесінен балық аулауға болмайды» - деп ескерту жасап едім,олар қайта менің өзімді боқтап, «калбит казах» - деп, балағаттап айғайлады. Ол кісілер менің ескертуімді керек етпеді. Содан кейін мен Жангельдин аудандық ішкі істер бөлімшесіне хабарласып жедел жәрдем тобын жіберуін сұрадым. Полиция қызметкерлері келмегеннен кейін, 3 сағаттан соң, ауыл азаматтарын жіберіп оларға тағыда бұл жерден кетуін талап еттік. Бірақ олар жігіттердің де созіне құлақ аспаған. Сосын ауыл азаматтары құрулы тұрған жұтпаларды ойықтан алып тастаған. Ең бастысы – балықшыларға жігіттер ешқандай күш көрсетіп, зорлық – зомбылық, тонау сияқты әрекеттер жасамаған. Оларды шаруашылықтың жерінен қуу себебім: Қораның болмағанынан өзеннен 500 метр жерде, қопаның ішінде 300 бас ірі қара мал қыстап жатыр. Осындай кезде мал ұрлығының көп болатыны белгілі. Біз ауылымызды қорғау үшін, малымызды, дүние-мүлкімізді қорғау үшін осы мәселеге қатты көңіл аударып, балықшылардың кетуін талап еттік. Біз бұл азаматтардың ешқайсысын танымаймыз, олар бізбен тілдеспей кетіп калды. Прокурор мырза! Орта бизнес,кооператив, жеке шаруа кожалығының құқықтарын, зәбір – запасын кім қорғайды. Мұны жергілікті жердегі ауданның кұқық қорғау органдары қадағалауға тиісті деп ойлаймын. Жүгініп сізден көмек сұраймын. Менің айтып отырғаным алдын ала сақтандыру мәселесі. Егер жанағыдай сырттан келген азаматтар арақ ішуді ұйымдастырып, мал ұрлап, қорқыту – үркіту жасап жатқан кезде сіздерден бізге көмек болмаса, Президенттің көңіл бөліп отырған «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламасы қалай дамиды. Біздің құқықтарымызды қорғауды сұраймыз. Сырттан келген балық аулаушылардан ауылымызды, жұмыскерлерімізді жеке мүлкімізді, жерімізді, ұрлықтан, өрттен, жеке қақтығыс төбелестен, ішімдіктен т.б. жағдайлардан қорғану үшін қолданған шарамыз. Айта кетер тағы бір өзекті мәселе: өзенге балық аулауға келген болықшылар, аң аулауға келген аңшылар өлген балықтың, атқан аңдарының өлекселерін тастап, өзеннің жағасын ластап кетеді. Ал Албарбөгет ауылдық округының халқы Қабырға өзенін таза ауыз суға пайдаланып отыр. Егер өзеннің тазалығын сақтамасақ эпидемия ауруының тарауы әбден мүмкін. Сонда тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіреді деген сөз. Анықтайтын бір мәселе бар. Қостанай облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының басшысы Коваленко Анатолий Евстафьевич деген мырза неге міндетті түрде балықшыларға балық аулау үшін жолдаманы біздің «Сыма – К» шаруа қожалығының жеріне жазып береді? Мен сізге айтайын: 100 шақырымға дейін жалғасып жаткан Қабырға өзенінің бойында біздің шаруашылықтың жерінен басқа балық аулайтын жер жетеді. Мен Торғай – Қостанай елінің сексенге аяқ басқан жанашыр ардагер ақсақалдарының бірімін. Сізге шағынып айтып отырған жағдай бірінші рет емес. Жаздада, қыстада жиі – жиі кездесіп келеді. Мал ұрланып, жер өртеніп, табиғат ластанып жатады. Әр нәрсенің шегі бар. Біздің айтқан сөзімізге сырттан келген азаматтардың құлақ асары жоқ. Мәселе күрделеніп бара жатыр, прокурор мырза! Мемлекеттің барлық заңдылықтарының сақталуын айнытпай қадағалап отырған сізге шағымданып көмек сұрап хат жазып отырмын. Жеріміз шалғай болган соң, аудандық заң орындары уақытында үлгеріп келіп көмек бере алмайды. Қыста келіп, өзен бойындағы жазда мал бағатын үйлердің есігін отқа жағып, терезелерін сындырып кетеді. Біз көзімізбен көрген біраз азаматтардың атын атап отырмыз. Балықшылар 3 машинамен келіп, біз шақырып сөйлесейік десек қашып келмейді. Мемлекетіміз қанша қамқорлық жасап орта – кіші бизнесті дамыту жөнінде қаражат бөліп, президентіміздің қамқорлығын жүзеге асырып жұмыс істеп жатқан бір топ шаруа қожалықтары сізден қамқорлық күтеді. К. Карбозов қолы бар Жангельдин ауданының құрметті азаматы, Жангелдин аудандық маслихатының 4 шакырылымының экс –депутаты, «Құрмет белгісі», ордені. «Еңбек ардагері», «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан маслихаттарына 20 жыл», «Жангельдин ауданының құрметті азаматы», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Тілеп Аспантайұлы» медальдарының иегері. Ауыл тұрғындары: Ноғайбаев Қуандық қолы бар «Сыма - К» жеке шаруа қожалығының меңгерушісі. Әлімбаев Алпыс қолы бар «Еңбек даңқы» ордені. Абдрахманов Бейсенбек қолы бар «Сыма – К» шаруа қожалығының меңгерушісі. Бөлебаев Оразалы қолы бар «Қазымбек» жеке шаруа қожалығының жетекшісі. Амиржанов Мұхит А. Нұрманов негізгі мектебінің директоры. қолы бар Досмағанбетов Сәрсен. қолы бар Өмірзақова Нұрбала қолы бар «Кетебай» жеке шаруа қожалығының жетекшісі. «Күміс алқа» иегерлері, ардақты аналар: 25.01.2016 ж.
    Жауап күні:
    2016-02-17
    Жауап:
    К.К. Карбозовқа Бас прокурор блогына Сіздің Жанкелдин ауданындағы Қабырға өзеніндегі табиғатты қорғау заңнамасын бұзу, және де ауданның құқық қорғау органдарының бей әрекетсіздігі туралы шағымыңыз түсті. Тоқтала кетсек, жоғарыда айтылған өзеннің телімінде шағымданушыға тиесілі «Сыма - К» ЖШС аумағында табиғатты қорғау ұйымдар тарапынан бақылауға алынбаған балық аулануда. Сонымен бірге, «Қостанай облыстық аңшылар және балықшылар қоғамы» қоғамдық бірлестігімен «Сыма - К» ЖШС аумағы бойынша өтетін өзен теліміне ғана жолдамалар беріледі, бірақ осы өзеннің 100 шақырым ұзақтығында балық кең жайылғаны айтылған. Және де ауданның ішкі істер органдарымен көрсетілген өзен телімінде бақылаусыз балық аулайтын тұлғаларға шаралар қолданылмайтыны туралы айтылған. Сонымен қатар, Сіздің үйіндегі мал саныңыз азаюда, бірақ та Жанкелдин АІІБ қызметкерлерімен тиісті шаралар қолданылмайды. Осы шағымыңызды қарастыру шеңберінде Облыс прокуратурасымен табиғатты қорғау прокуратурасы мен Жанкелдин ауданының прокуратурасына тиісті тапсырмалар жолданған болатын. Табиғатты қорғау прокуратурасының талабы бойынша «Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ (бұдан әрі – Инспекция) инспекторларымен Жанкелдин ауданына (Көкалат ауылдық аймағы) шағымданушы уәждерін тексеру үшін іс-сапар жүзеге асырылған. Іс – сапар барысында «Сыма - К» ЖШС аумағы бойынша өтетін Қабырға өзен телімінде табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуы анықталмаған. Сонымен бірге,«Қостанай облыстық аңшылар және балықшылар қоғамы» қоғамдық бірлестігі 22.06.2005 жылғы №224 санды келісім-шарт бойынша Жанкелдин ауданы су тоғанында балық шаруашылығын жүргізуіне келісім – шарт мерзімі 22.06.2015ж аяқтағаны туралы белгілі болған. (Қостанай облыс әкімдігінің тиісті қаулысы шығарылған). Осылардың негізінде, осы өзен балық шаруашылық су қоймаларының резервтік қорға жатады. «Қостанай облыстық аңшылар және балықшылар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 08.02.2016ж. ресми хатына сәйкес, осы қоғамдастығымен Қабырға өзеніне балық қорын аулауына жолдамалар берілмеген. Ескеретін жағдай, Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 9.06.2004 жылғы Заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес, жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану, оның ішінде бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шыға отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады. Қабырға өзенінің облыстық және аудандық орталықтардан шалғай жерлерде орналасқанын ескеретін болсақ, жоғарғы айтылған тұлғалармен осы өзенде бақылаусыз балық аулағанын да жоққа шығармаймыз. Бірақ, әуесқой - балықшылардың жол талғамайтын және жоғары бағалы көліктермен 5 келі балық үшін жүз шақырымға баратыны күмән келтіреді. Жанкелдин аудан прокуратурасымен Облыс прокуратура тапсырмасы бойынша АІІБ АЕКжәне БТҚТ құжаттарын зерделеуімен, осы бағытта тексеріс жүргізілген болатын. 19.09.2015ж. Жанкелдин АІІБ АЕК № 630 санымен М.Карбозованың Көкалат ауылына қарасты «Қостам» аулының маңында белгісі 4 автокөлік жүргені жөнінде хабарлама тіркелгені орнатылған болатын. Хабарламада ешқандай әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері болмауына байланысты нарядқа шығарып тасталған. Ұқсас хабарламалар екі рет 2015 ж. желтоқсан айында 2016 ж. қаңтар айында түскен болатын (АЕК №807 18.12.2015ж. мен АЕК №11 11.01.2016 ж., Қолқамыс а. тұрғыны Р Абишевадан.). Аталған хабарламалар полиция қызметкерлерімен нарядқа тізімнен шығарылған, өйткені хабарламада берілген оқиғаға барысында қандай да болмасын әкімшілік немесе қылмыстық құқықбұзушылықтар орын алмаған. Қазіргі таңда Жанкелді АІІБ-нің тергеу бөлімінің өндірісінде М.Карбозовтың «Сыма-К» ЖШС жылқышы болып істеген А.Н.Нурбаевпен 38 бас әр түрлі жастағы жылқылары кем болып шыққандығы жөнінде 163942031000001 санды қылмыстық іс бар. Айтылғанды ескеретін болсақ, шара қолдану бойынша актілерді жасауға негізі жоқ. Сонымен бірге, облыстық ІІД облысымыздың оңтүстік өңірлерінде әуесқой - балықшылар арасында ең танымал орындарда жүйелі рейдтерді жүргізу жағынан табиғатты қорғау заңнамасы саласында жұмысының күшейту жөнінде хат жолданған болатын. Жанкелдин ауданының прокурорына ұқсас рейдтерді жүргізу бойынша өңірлік АІІБ жұмысының ұйымдастыру қажеттілігін туралы тапсырма жолданған болатын. Осы берілген жауаппен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған прокуратураға шағымдануыңызға құқығыңыз бар. Қостанай облысының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 16547
    Дата: 28.05.2015 12:15:35
    Аты-жөні: Сагимбаева Майраш
    Сұрақ:
    Құрметті Болат Маратұлы!Сізге арыздануымның себебі мен үш баланың анасы 2013 жылдан бері балаларға тиесілі алиментті ала алмай жүрмін.Оған себеп сот орындаушылардың айтуынша(Қостанай қаласы.Майлин көшесі 2/2 орналасқан) бұрынғы жолдасымның жұмыс істемейтіні деп еді,енді бүгін оның жеке куәлігінің жоқтығынан деп сылтау айтады.Сонда жеке куәлігі жоқ адам кез-келген жауапкершіліктен босатыла береді ма?Мен осыны түсінбедім.Осы уақытқа дейін жиналған қарызы аз сомма емес.Менің өзімнің тапқан табысым күн көрісіме әрең жетеді.Ол аздай басымда баспанамда жоқ.Ауылды жерді тұрсамда баспана сатып алатын жағдайым жоқ.Қостанай мен Меңдіқара ауданы арасында жүгірумен қаншама уақытым өтті.Бірақ ешқандай нәтежиесіз.Менің осы айтқандарым бойынша өзі біздің мемлекетте заң бар ма жоқ па?Алде алимент өндіру жағы мүлдем тоқтап қалған ба?Сот орындаушылардан не істеуге болады десем білмейміз деп жауап береді.Өз жұмысын білмейтін адам несіне ол орында отыр?Сізге осы іс жайлы бір көмегіңіз болар деген ниетпен жазып отырмын.Менің сөздерімді енді Сіз жерге қалдырмассыз деп ойлаймын
    Жауап күні:
    2015-05-30
    Жауап:
    Бас Прокурордың блогы М.Д.Сагимбаеваға Облыс прокуратурасымен сот орындаушыларының іс-әрекетсіздігі туралы Сіздің өтінішіңіз қаралды. Облыс прокуратурасына өтінішпен жүгінген жағдайда қала (аудан) немесе оған теңестірілген прокурордың қолы қойылған жауапты қосымша тіркеу қажеттігін түсіндіремін. Осыған орай Сізге тиісті өтінішпен қала прокурорына жүгінуіңіз қажет. Қала прокуроры берген жауаппен келіспеген жағдайда Сіз берілген жауапты облыс прокуратурасына шағымдауға құқылысыз. Қостанай облысының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 16168
    Дата: 11.05.2015 21:24:33
    Аты-жөні: Игембекова Жанар
    Сұрақ:
    Құрметті Марат Болатұлы!Менің арзам төмендегіше менің көзіме теріскен(ячмен) шығып 8 мамыр күні сағат 14 тер шамасында қалалық ауруханаға(медсанчасть) бардым, біздің бөлімше дәрігер мені өзі ертіп офтолмология бөліміне апарды. Ол жердегі дәрігер мені қарамаймын деп №1 қалалық емханаға(поликлиника) жіберді. Ол жақтағылар бүгінгі қабылдау уақыты бітті деп қарамады. Сол куни кешке ыстығым көтеріліп жедел жәрдем шақырдым, келді бірақ бүгін кеш болды ешкім жоқ таңертең қалалық аурухананың (медсанчасть) қабылдау бөліміне бар деп кетті. Таңертең 9 мамыр сағат 9,50 де ауруханаға бардым, офтолмология бөлімі медбейкесі қарап дәрігерді күт қазір келіп қалады деді. Сонымен ол дәрігер 12,20 да келді, бірақ мені қараудан бас тарытты себебін айтпады санитаркасы екеуі маған аузына келгенін аталап, мал қайда арыздансан сонда бар қарамаймын деп қуып шықты(баран куда хочеш жаловаться туда иди не буду смотреть)бұл сөздерді залда посещение келгендер толық естіді.Үйде 4 айлық балам жатыр жылап, өзім жүрмін қайда барарымды білмей, сонымен әкімшілікке, прократураға бардым көмек сұрап бірақ ол жерден ешкімді таппадым күзетшілерден басқа, олар жұмыс күндері келу керектігімді айтып шектелді.Сонда қалай біздің қалада дәрігерлер этика эстетика, ар-намыс кодекісі, кішіпейілділік дегендерді білмей ма? Әлде өздерін барлығынан биік санайды ма.Сізден өтінерім осы мәселе бойынша тексеріс жүргізіп анығына жетсеңіз,өзіңіз қатаң бақылауға алады деп үміттенемін. Алдын ала рахмет.тел 4-72-67 ул. Марите 25-47
    Жауап күні:
    2015-05-14
    Жауап:
    Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының басшысы О.А. Бекмагамбетовқа Игембекова Ж.М. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының блогы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7-бабы 6-тармағына сәйкес мазмұны бойынша денсаулық сақтау туралы заңнамасының бұзушылықтары туралы М.Ж.Игембекованың өтінішін қарауыңызға жолдаймыз. Өтініш берушіге және Рудный қаласының прокуратурасына заңмен белгіленген мерзімінде қарастыру нәтижелері туралы хабарлауыңыз қажет. Сондай-ақ, екінші адресат үшін Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2014 жылғы 02 қыркүйектегі № 85 бұйрықтың 26-тармағына сәйкес жауаппен келіспеген жағдайда ұсынылған жауаптың көшірмесін міндетті түрде қоса берілуімен Рудный қаласының прокуратурасына шағымдануға құқылысыз. Қосымша: өтініш __ бетте. Рудный қаласының прокуроры Аға әділет кеңесшісі М. Шуақпаев Орынд.: Маркабаев Б.А. тел.: 8 (71431) 4 30 75
  • Сұрақ №: 14418
    Дата: 18.02.2015 13:52:00
    Аты-жөні: Кенжеахмет Жасұлан
    Сұрақ:
    2014 жылы күзде Қостанай қаласының компнаиясы Арқалық қаласы 82 үйге жылу есептегіш қондырғысын орнатты. Жылу маусымында біздің үйдің 1м2-на төлейтін ақшамыз бұрынғы кезден асып түсті. Мен Арқалық-Іскер компаниясынан есептегіш құралдың 1 айлық көрсеткішін алып есептегенімде анықтағаным,бізге орнатқан счетчик кірген ыстық судың температурасын есептейді екен де, ал қайтып шығардағы температураны есесптеп шығыстамайды екен, сонда біз жылуға 2 есе жақын мөлшерде төлеп келе жатырмыз.Бұл туралы кондаминиум атқарушы органы Арқалық-Іскер басшылығы мен қала әкіміне шағым түсіріп едім жауапсыз қалды. Сізден сұрайтыным осы есептегіш құралдың заңды түрде есеп жүргізуіне тексеру-сараптама тағайындап, 2014 жылдан бергі төлемдерді қайта есептетіп, артық төленген төлемдерді біздің жылу компаниясына төлеген есеп-счеттарымызға түсіртіп беруіңізді сұраймын
    Жауап күні:
    2015-02-21
    Жауап:
    Құрметті, Жасұлан Сейітұлы Кенжеахмет! Арқалық қаласы прокуратурасымен, Сіздің «Арқалық – Іскер» ЖШС – ның лауазымды тұлғаларына қатысты жазған арызыңыз қаралды. Арызыңыз бойынша, Сіз үйдің жылуына екі есе төлеп жүрсіз, осыған байланысты артық төленген төлемдерді өзіңіздің есеп-шотыңызға түсіртіп беруіңізді сұрайсыз. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 9 б. 1 т. сәйкес азаматтық құқықтарды қорғауды сот арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс-жүргізу Кодексінің 8 б. 1 т. (әрі қарай – ҚР АІЖК) сәйкес әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. ҚР АІЖК 24 б. 2 т. сәйкес, азаматтық (корпоративтік дауларды қоса алғанда), отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді соттар қарайды. Көрсетілгеннің негізінде, Сіздің конституциялық құқығыңыз бұзылған жағдайда сотқа жүгінуге құқығыңыз бар екендігін түсіндіремін. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз нақты ұсынылған жауаптың көшірмесін тіркей отыра жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылысыз. Арқалық қаласының прокуроры Т. Жүсіпов
  • Сұрақ №: 14417
    Дата: 18.02.2015 13:51:02
    Аты-жөні: Кенжеахмет Жасұлан
    Сұрақ:
    2014 жылы күзде Қостанай қаласының компнаиясы Арқалық қаласы 82 үйге жылу есептегіш қондырғысын орнатты. Жылу маусымында біздің үйдің 1м2-на төлейтін ақшамыз бұрынғы кезден асып түсті. Мен Арқалық-Іскер компаниясынан есептегіш құралдың 1 айлық көрсеткішін алып есептегенімде анықтағаным,бізге орнатқан счетчик кірген ыстық судың температурасын есептейді екен де, ал қайтып шығардағы температураны есесптеп шығыстамайды екен, сонда біз жылуға 2 есе жақын мөлшерде төлеп келе жатырмыз.Бұл туралы кондаминиум атқарушы органы Арқалық-Іскер басшылығы мен қала әкіміне шағым түсіріп едім жауапсыз қалды. Сізден сұрайтыным осы есептегіш құралдың заңды түрде есеп жүргізуіне тексеру-сараптама тағайындап, 2014 жылдан бергі төлемдерді қайта есептетіп, артық төленген төлемдерді біздің жылу компаниясына төлеген есеп-счеттарымызға түсіртіп беруіңізді сұраймын
    Жауап күні:
    2015-02-21
    Жауап:
    Құрметті, Жасұлан Сейітұлы Кенжеахмет! Арқалық қаласы прокуратурасымен, Сіздің «Арқалық – Іскер» ЖШС – ның лауазымды тұлғаларына қатысты жазған арызыңыз қаралды. Арызыңыз бойынша, Сіз үйдің жылуына екі есе төлеп жүрсіз, осыған байланысты артық төленген төлемдерді өзіңіздің есеп-шотыңызға түсіртіп беруіңізді сұрайсыз. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 9 б. 1 т. сәйкес азаматтық құқықтарды қорғауды сот арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс-жүргізу Кодексінің 8 б. 1 т. (әрі қарай – ҚР АІЖК) сәйкес әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. ҚР АІЖК 24 б. 2 т. сәйкес, азаматтық (корпоративтік дауларды қоса алғанда), отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді соттар қарайды. Көрсетілгеннің негізінде, Сіздің конституциялық құқығыңыз бұзылған жағдайда сотқа жүгінуге құқығыңыз бар екендігін түсіндіремін. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз нақты ұсынылған жауаптың көшірмесін тіркей отыра жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылысыз. Арқалық қаласының прокуроры Т. Жүсіпов

Беттер