Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 32584
    Дата: 17.04.2017 12:33:19
    Аты-жөні: Касенова Маржан
    Сұрақ:
    Салеметсіз бе! Мен осы хатым арқылы сізге айтарым Рудный қаласының сот орындаушылары өздерінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы салғырттық танытаныны. Менің сұрағым алимент бойынша. Цыбанев Максим Гергиевич маған яғни Ксенова М.Б. 2006 жылы туған баласы Цыбанев Руслан Максимовичке 2007 жылдан бері қарыз. Цыбанев М.Г.,іздестіруде болатын, оны осы жылдың сәуір айында іздеп тауыпты. Сот орындаушы маған ескертпеді, сұрағыма 3 айдан кейін хабарласыңыз дейді, бұны қалай түсінуге болады? Цыбанев М.Г., 3 тәулікке қамалғандығы туралы соттың шешімін жіберулері тиіс еді, және менен банк шотының номерін де сұрамайды. Борышкер неге маған қарызын төлемейтінін түсіндірмейді. Осы менің сұрағымды жауапсыз қалдырмайсыз деп сенемін.
    Жауап күні:
    20 сәуiр, 2017 - 18:26
    Жауап:
    Құрметті блогты пайдаланушы! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Сізбен Пайдаланушының келісім шарттары сақталынбаған. Назар аударыңыз: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына былайша жолданады: - арнайы әкеліп тапсыру; - пошта арқылы жолдау; - www.115.kz электронды порталына жіберу. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет.
  • Сұрақ №: 26692
    Дата: 06.10.2016 10:26:12
    Аты-жөні: Кішібай Сағира
    Сұрақ:
    Мен Кішібай Сағира Қабажайқызы Алтынсарин ауданы, Обаған ауылында тұрамын. Аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінде мұғалім болып жұмыс атқарамын. Белгілі себептермен Евразиялық банктен алған несиемді өтей алмай қалдым. Кейін сол банкпен келісіп, ай сайын 40 мың теңге салып тұрамын деп келісіп , банкке салып тұрдым, кейін жазғы демалысқа шыққандағы барлық ақшамды толығымен ұстап қалды. Ай сайын алатын жалақымды банк арқылы ай сайын ұстап отыр. Көп балалы анамын. 2 балам студент, 1 балам мектепте оқиды,1 балам мектеп жасында болғанмен бара алмай отыр, өйткені сөйлей алмайды. Ол баланы қарататын жағдайым жоқ. Жазғы демалыс ақшам, қыркүйек айындағы ақшам бәрін банк ұстап алып отыр. Мен қалай күн көрерімді білмей, амалым құрып сіздерге хат жолдап отырмын. Банкке қаншама рет бардым, ай сайын 40 мыңнан төлеп отырамын деп қаншама рет бардым, бірақ келіспей отыр. Сіздерден көмек сұраймын, осы жағдайды шешіп берулеріңізді өтінемін.
    Жауап күні:
    28 қазан, 2016 - 18:07
    Жауап:
    ответ на обращение
  • Сұрақ №: 26281
    Дата: 19.09.2016 22:08:07
    Аты-жөні: Балгынбаева Айгерим
    Сұрақ:
    Салеметсиздерме?! Аркалык каласа, Кайынды ауылга 21 кыркуйек 2014 жылы орт болды. Шайбы кошеси 7 уйиндин корасы ортенди. Сол жылы орттен кейин тотенше жагдайга байланысты жумыс жасалмады. Каладан келген полиция кызметкерлери де орт сондиру жумыскерлери келгенимен жагдайды тексермей кетип калды. Енди 16 кыркуйек 2016 жылы Кайынды ауылы шайхы кошеси 7 уйде тагы да орт болды. Полиция кызметтерлерине хабарласкан кезимизде колымыз тимейди , бара алмаймыз деди. Ал Орт сондирушилер кызметтерлери орт кандай колемде Деп сурак ды бара алмаймыз деди. Негизи корага 7 прицеп тусирлен Шопти тангы 04:00 мен 05:00 шамасында ортеген. Осыган байланысты ауыл акими де жумыс жасап жаткан жок. Полиция кызметтерлери мен тотенше жагдаймен жумыс жасатуларынызды сурайын.
    Жауап күні:
    6 қазан, 2016 - 18:56
    Жауап:
    Құрметті Айгерім Бекетқызы! Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының Блогына түскен Арқалық қаласы Қаиынды ауылы, Шайхы көшесі 7 үй мекен-жайында шөп өртену фактісі бойынша мемлекеттік органдардың әрекетсіздігі туралы Сіздің шағымыңыз қаралды. Анықталғаны, 2016 жылдың 16 қыркүйекте 8 сағат 32 минутта, Арқалық қаласының №2 мамандандырылған жасағы «101» диспечер пультіне сағат 06:00 шамасында Арқалық қаласы, Қаиынды ауылы, Шайхы көшесінде шөп қоймасында тұрған шөптің өртеніп жатқаны туралы Ж.Ш. Калиевадан хабарлама түсті. Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 11 сәуіріндегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 63 бабының 1 бөлімінің негізінде, мемлекеттік өртке қарсы қызмет ету бөлімшелері жоқ алшақ елді-мекендерде өрт сөндіру жергілікті атқарушы органдармен сәйкес территорияда жүзеге асырылады. 2016 жылдың 10 қаңтарындағы Қаиынды ауылы әкімінің өкімі мен төтенше жағдайларды жою барысында тәсілдер мен күштерді жұмылдыру жоспарына сәйкес, табиғи және техногенді сипаттағы ірі өрттерді сөндірумен байланысты, Қайынды ауылында өртке қарсы ерікті құрылымдар құрылған. «101» диспетчер пультіне хабарлама түскен сәтте, Қаиынды ауылының өртке қарсы ерікті күштерінің құрылымымен өрт көзі жойылды. Осы күні Арқалық қаласының төтенше жағдайлар Бөлімінің аға инженері оқиға болған жерге барған және тексеріс жүргізіліп өрт туралы Акт жасалды . 16.09.2016 жылғы өрт туралы Актіге сәйкес, өрттің туындауының себебі қасақана өртеу болып табылады. 2016 жылдың 16 қыркүйегіндегі осы материал ақпараттарды тіркеу кітабына №163916090000157 санымен тірелген және Арқалық қаласының Төтенше жағдай бөлімімен, Арқалық қаласының Ішкі істер Басқармасына жіберілді. 2016 жылдың 17 қыркүйегінде осы факт Арқалық қаласының Ішкі істер Басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне №163916031000726 санында тіркелді және ол бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 202 бабының 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл қылмыстық іс Сіздің арыңызды қарау барысында қала прокуратусымен тексерілді. Осы істі тексеру нәтижесінде, толық және объективті тергеп-тексеруді жүргізудің мақсатында қала прокуратурасымен қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша нұсқау берілді Сонымен қатар, Арқалық қаласының әкіміне және Арқалық қаласының Ішкі істер Басқармасының басшысына өрттің тұтануына жол бермеуге бағытталған, қажетті шараларды жүргізу туралы ақпараттық хаттар жолданды. Арқалық қаласының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 26033
    Дата: 10.09.2016 10:23:45
    Аты-жөні: Акпаров Руслан
    Сұрақ:
    Мен Акпаров Руслан Максутович. Арқалық қаласының тұрғынымын. 2015 жылдың 25 маусым айында кішкентай ұлым 2011жылы туылған Акпаров Жалғаспен жол апатына түскен болатынмын.жол апатына кіналі Жанкишев С.жигули маркалы машинасымен қарсы жолға шығып кетіп, жолапатын болдырған.Алғашқы мед.суд экспертиза өтірік жасалған соң, УВД басшысына кіріп бар жағдайымды баяндап айтқан соң қайтадан істі басқа тергеушіге беріп істі алға бастырып еді.Өзім адвокат Груша Л.С жалдадым. Сондада ісім сотқа жетпей жатыр.Әділдікке қолым жетпей дал болдым."НұрОтан"партиясының жетекшісіне де барып шағым хат тастадым. Еш нәтиже жоқ. Ашық жарқат алып,аяғыма Қостанай қаласындағы облыстық Б.Н.Садуақасов орталығында ем қабылдадым.толық диагноз "открытый оскольчатый перелом правой пяточный кости со смешением" Ұлым Акпаров Жалғас Арқалық қалалық хирургия бөлімшесінде 14 күн ем қабылдады.Адвокат Л.С.грушаның айтуы бойынша қазірғі уақытта прокуратура істі жылы жауып қоймақшы.Менде барлық құжаттар фото суреттер бар.Мен өзімді кінәлімін деп санамаймын.Сізден өтінерім 1жыл 2ай бойы шешілмей келе жатқан осы істі шешіп берсеңіз екен. Қазіргі уақытта "РГКП ПО Охотзоопром" Алматы филиалында инспектор болып жұмыс істеймін. байланыс телефоным: 87014120120
    Жауап күні:
    14 қыркүйек, 2016 - 17:00
    Жауап:
    Р.М. Акпаровқа БП блогы Құрметті Руслан Мақсұтұлы! Сіздің жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша өтінішіңіз қаралды. 2015 жылы маусым айының 25 жұлдызында 16.30 сағат шамасында, Арқалық қаласы Қаирбеков-Горбачев көшелерінің қиылысында, жүргізуші С.Т.Жанкишев мемлекеттік нөмірі У 688 ОТ 178 RUS ВАЗ 2107 автокөлігін жүргізіп, Қаирбеков көшесімен қозғалып, Р.М.Акпаров жүргізген мемлекеттік нөмірі P 732 XBM Ниссан Примера автокөлігімен қақтығысты, нәтижесінде жүргізушілер және жолаушылар Арқалық емханасына әкелінді. Бұл факт бойынша Арқалық қ. ІІБ 2015 жылы 25 маусымда ҚР ҚК 345 б. бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеруді бастады. Бұл жол-көлік оқиғасы Арқалық қаласының аумағында болғанын ескере отырып, Сізге бұл факт бойынша Арқалық қалалық прокуратурасына немесе Қостанай облыстық прокуратурасына өтінуге қажет. Бұл жауаппен келіспеген жағдайда, оны жоғары тұрған прокурорға жауаптың көшірмесі қосымшасымен шағымдауыңызға болады. Қостанай қаласының прокуроры Ә. Ерекешев орын.Касыбаев Б.И. 53-43-80
  • Сұрақ №: 23560
    Дата: 09.05.2016 23:25:24
    Аты-жөні: қазақ нағыз
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор мырза! мен Арқалық қаласының тұрғыны қалалық ауруханада көрген бассыздықты айту үшін хат жолдап отырмын. қаламыздағы өңірлік аурухананың хирургы Диколай есімді азамат. Біліктілігі жағынан дау жоқ. өз мамандығының шебері. Алайда істеген операциялары үшін қомақты қаржы талап етуі орынсыз деп білемін. ақша төлемесең ауырып жатқан адам өліп кетседе қарамайды. мемлекет оған халықты емдегені үшін айлық төлеп отырған жоқпа, оның осы ақша талап етуі қаншалықты заңды? осыған нүктесін қойып берсеңіздер !
    Жауап күні:
    2016-05-24
    Жауап:
    Өтінішке жауап Қостанай облысы прокуратурасымен Сіздің Арқалық өңірлік ауруханасының сапасыз медициналық көмек көрсетуі туралы өтінішіңіз қаралды. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңының 20 б.1т. сәйкес (бұдан әрі-Кодекс) медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметтер көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауын бақылауға бағытталғанын түсіндіремін. Сондай-ақ, Кодекстің 20 б.1т. 8т. сәйкес, медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған шешімдер денсаулық сақтау субъектілерінің орындауы үшін міндетті және оған жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. Осылайша, Қостанай облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Департаментіне сапасыз көмек көрсеткен жағдайда щағым жасауға мүккіндігіңіз бар. Бұдан басқа, Арқалық қалалық прокурорына дәрігер-хирург Николайға ақшалай қаражатты алуға қатысты тексеріс жүргізу тапсырылды. Қостанай облысы прокуратурасы

Беттер