Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 45057
    Дата: 31.07.2018 18:33:02
    Аты-жөні: Атамбекова Зубайда
    Сұрақ:
    Бұл хатты облыс әкімі сайтына жіберген болатынмын. Менің сізге тікелей хат жазуымның себебі, Мен Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы тұрғынымын. Бұл заманда әділдік қалмаған,ба, әлде адамгершілік емес, кім болса мейлі сол болсын деген сөз бе түсінбедім.Алтынсарин ауданына Жаманов Ерлан Айтқұлұлы аудан әкімі болып қызметке келді. Қазан айында қызметке келді. Келген бетте Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінің бастауыш пәні мұғалімі ешқандай басшылық қызметте болмаған, Самидосова Марзия Аяғанқызын Щербаков орта мектебіне директорлық қызметке жіберді, дәрежесі келмесе де, қаблеті болмаса да 2 тоқсанның сабақ ортасында тағайындай салды. Ол жер аудан орталығына 10 шақырымдай жер. Содан қатынап жұмыс жасап келеді. Ол мектепте сонда директор болатын адам жоқ па. Ол әкімге туыс болып келеді. Ол Самидосова Марзия Аяғанқызы әкімнің туысқаны болып келеді, өйткені ол әкімшілікте жұмыс істейтін Самидосов Ержан Мұхтарұлының жолдасы. Ол қызметке кетсе де мақсаты Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінің директоры болып тағайындалу болды. Өйткені ол аудан орталығы, сол аудан орталығында тұрады. Сол мақсатты орындау үшін Алтынсарин аудандық білім беру бөлімінің басшысы Мамаева Арайлым Серікбековна осы жұмысты қолға алып, күні –түні мектеп директорын орынан түсіруге күш салды. Мін іздеді, соңы адамдарды салып қайтседе қызметтен кетіріп, сол адамды әкелу болды. Ол білім бөлімінің басшысына Щербаков орта мектебінің директорлығынан келген болатын. Ол білім бөлімінің басшысы әкімге жолдасы жағынан туысқан болып келеді. Оны бәрі біледі. Айрандай ұйыған орталықтағы мектептің жетістіктері болса да, басқаны айтпағанда мектеп қатарынан аудан мектептерінің ішінде Ұлттық біріңғай тестілеуден 1- орынға ие болып келе жатқан мектеп. Директордың соңынан шырақ алып түсті, бірақ әкім біліп отырса да ешкімге ләм деп жақ ашпады. Өйткені мақсаты Самидосова М.А әкелу болды. Білім бөлімінің басшысы қызметінде жүрседе, Щербаков орта мектебіне дейін 8,5 сағат көлемінде факультатив сабақтан ақша алып келді. Ол қай кезде барып сабақ беріп келеді. 8,5 сағатын қай жерде өткізеді, таң қаламын. Обаған мектебінде дұрыс жұмыс жүргізілген жоқ. Тексерісте, тексеріс оған әкімде, білім бөлімінің басшысы да көз жұма қарады, мақсат біреу, ол Самидосова М.А осы мектепке алып келу болатын. Амал жоқ директор арыз жазып жұмыстан кетті. Білім бөлімінің басшысы ештеңені білдіртпеу үшін Обаған мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахмадиева Нуржамал Мұхтарқызын уақытша деп әкелді. Ол өйткені Самидосов Ержан Мұхтарұлының туған апасы, тек ол кісі жолдасының тегін алған. Ол кісі зейнеткерлік жасқа 2,5 жылы ғана қалған. Ол бола алама зейнеткерлік жасқа жеткен кісі, айтыңызшы жастар жоқ па, ол жай нәрсе конкурс жүреді директорлыққа сосын біреуді тағайындаймыз дейді, ондағы мақсат Самидосова М.А осында әкелу болатын. Сонда жұмыс емес туыстық қатынас үшін әркімнің өмірімен ойнау ма. Жұмыс істейтін адам емес ешқандай қабілеті жоқ адам бола бере ме. Сізді әділ адам деп есептейміз.Осыны тоқтата аласыз ба,әлде жоғары жаққа да жазамын ба білмеймін. Аудан халқы қашан әкімнің қақарына ұшыраймыз, әлде тағы бір туысы келіп қызметтен босатыламыз ба деп қорқып отырады. Ол кісі қызмет істемейді деп жатқан жоқпыз. Тек әділ шешімін тапса екен деп ойлаймыз.
    Жауап күні:
    14 тамыз, 2018 - 10:00
    Жауап:
    З. Атамбековаға (Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Блогы) Құрметті Зубайда Атамбекова! Сізбен Блогқа сұрақ қою кезінде пайдаланушы келісімін орындалмағаны туралы хабарлаймыз. Қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істер жөнінде, сондай-ақ тексеріс өткізу, прокурорлық ден қою актілерін қабылдау, заңды түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасы прокуратура органдарына: - қолма-қол; - пошта қызметі арқылы жіберу қажет. Осымен бірге аудандық білім беру басшысымен қабылданған шешімімен келіспеуі және Щербаков орта мектебінің директоры болып М.А. Самидосова тағайындалуымен келіспеуі туралы сұрағыңыз бойынша Сіз Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексімен бекітілген тәртіпте шағыммен сотқа жүгіну құқығыңыз бар екендігі туралы хабарлаймыз. Қостанай облысының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 37447
    Дата: 22.11.2017 09:23:34
    Аты-жөні: Садуов Нұрлан
    Сұрақ:
    Қостанай облысының прокуроры, Құрметті Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы! Ұрпақ тәрбиесіне жанашырлықпен қарау кейінгі жарқын балашағамыздың кепілі. Халқымызда «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөз бар. Бала тәрбиесіне етене мән берген халқымыз. Ахмет Байтұрсынов атамыздың «Балам дейтін елім болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген ұлағатты сөзі де осы ұлттық тәрбиеміздің бастауы бесіктен басталатынын көреміз. Осы орайда біздің Арқалық қаласының №4 орта мектебінде «Тәрбиелі ұрпақ – болашақ кепілі» тықырыбында өткізілген тәрбиелік мәндегі еркін форматтағы кездесуді тілге тиек еткім келді. Арқалық қаласының прокуроры Мұратқанов Досымхан Мұратқанұлы мектебіміздің оқушыларымен кездесті. Досымхан Мұратқанұлы оқушыларымызға бала құқығы, қоғамдағы құқық бұзушылық, жалған қоңырау жауапкершілігі, ұсақ құқық бұзушылық, түнгі уақытта оқушылардың жүрмеуі, тарихи – мәдени ескерткіштердің, табиғи обьектілердің бұзылмау жайында мол мағлұмат берді. Заң алдында бәріміз бірдей жауап беретіндігіміз жайлы айтып берді. Осындай мәнді мәліметтерден кейін оқушыларымыз Д. Мұратқанұлына өз сауалдарын қойды. Мысалы, оқушыларымыз Д. Мұратқанұлына: - Сіз сияқты маман болудың жолы қалай? Деген сауалға Д. Мұратқанұлы: «Ол үшін тек жақсы оқып, тәрбиелі болу керексіңдер» деген жауабын берді. Оқушыларымыз өздерінің көкейлеріндегі маңызды сұрақтарға жауап алды. Менің білім беру саласындағы 33 жыл атқарған жұмыс тәжірибемде қала прокурорларының ішінде осындай маңызды тақырыппен мектебімізге келіп еркін форматтағы кездесудің өткізбегендігін айта отырып, алдағы уақытта осындай маңызды іс-шара жалғасын тапса екен деп ойлаймын. Құрметпен «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің №4 жалпы орта білім беретін мектебі» ММ директоры Садуов Нұрлан Талапұлы
    Жауап күні:
    8 желтоқсан, 2017 - 10:43
    Жауап:
    Құрметті Блог пайдаланушы! Қазақстан прокуратурасының бүгінгі ұстанымы - жаңа форматтағы әділ, тиімді және ашық прокуратура. Арқалық қаласының прокуроры тарапынан прокурорлық қадағалауды тиімді іске асыру арқылы азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған іс-шаралар аз емес. Бұның қатарында, болашақ ұрпақтың тәрбиесі де соңғы орында емес. Сіздің, қала прокурорының істеріне оң баға беріп, пікіріңізді білдіргеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіз атап өткен іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табады.
  • Сұрақ №: 35127
    Дата: 15.08.2017 18:20:04
    Аты-жөні: Жетписбаев Фархат
    Сұрақ:
    Билігін асыра пайдаланып алаяқтық жасап,жұмыс бергенін меңзеп отырып қол астындағыларға несие алдырып отырған мектеп басшысына шағым жасамақ болғанбыз. Бірақ прокуратура да, қаржы полициясы да нақты дәлел керек дейді. Бізге қандай дәлел керек? Егер несие алған адам өз атынан болса. Сонымен қатар өлім-жітікке қосылған ақшаны өзім берем деп қалтасына басып отырса, жәбірленушінің сөзінен басқа қандай дәлел айта аламыз? Тағы қай жерге шағымдана аламыз?
    Жауап күні:
    25 тамыз, 2017 - 11:11
    Жауап:
    Ф. Жетпісбаевқа (Бас Прокурордың блогынан) Құрметті блог қолданушы! Қостанай облысының прокуратурасы Сіздің мектеп директорының іс-әрекетін шағымдау туралы өтінішіңізді қарастыру нәтижесінде келесіні түсіндіреді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 179 бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылады. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы барлық арыздар, хабарлар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуге міндетті. Айтылғандардың негізінде, мектеп директоры тарапынан жасалынған алаяқтық фактісі бойынша құқық қорғау органдарына (прокуратура, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі ) жазбаша өтініш білдіруге құқығыңыз бар. Қостанай облысының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 33161
    Дата: 15.05.2017 14:20:18
    Аты-жөні: Тулегенова Жазира
    Сұрақ:
    Менің жолдасымды 11.05.2017 жылы милициялар қамауға алып, менің 2 жасар қызымды ішкі істер қызметкерлері машинада ішімдік ішкен адамның қасында 1 сағңаттан артық қалдырған. Бұл іс14:00-15:00 аралығында болған. Осыған орай мен ішкі істер қызметкерлері заң алдында жауап бере ала ма алде жок па?
    Жауап күні:
    29 мамыр, 2017 - 19:05
    Жауап:
    Ж.К. Тулегеноваға Құрметті Жазира Кенесқызы ! Қостанай облысы прокуратурасымен Сіздің Амангелді аудандық ішкі істер полиция қызметкерлерін жауапкершілікке тарту жөнінде арызыныз қаралды. Анықталғаны, Амангелді аудандық жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Т.Б. Жармағанбетовпен Амангелді АІІБ-нің СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен көзделген Амангелді селосының тұрғыны С.Е. Бейсеновтің көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, алкогольді мас күйінде көлік құралын басқару фактісі бойынша №173934031000036 санды болып сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Амангелді аудандық жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Т.Б. Жармағанбетов және жол-патрульдік полициясы Е.Р. Темір ішкі істер ғимаратында С.Е. Бейсеновтен жауап алу және өзге де тергеу әрекеттерін жүргізу барысында автокөлікте болған С.Е. Бейсеновтің 2 жасар қыз баласы туралы өзінің заңды анасына хабарланбаған. Сонымен қатар, аталған автокөлікте қылмыстық іс бойынша куәгер болып табылатын Ж.М. Біләнов алкогольдік ішімдік ішкен күйінде 2 жасар баланың қасында отырған. Көрсетілген елеулі заңбұзушылықтар негізінде Амангелді аудандық прокуратурасымен Амангелді аудандық жергілікті учаскелік полиция инспекторы Т.Б. Жармағанбетовке және жол-патрульдік полициясы Е.Р. Темірге қатысты тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде қаулы қозғалып, қазіргі таңда аталған тұлғаларды тәртіпке тарту сұрағы қаралуда. Қостанай облысының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 32584
    Дата: 17.04.2017 12:33:19
    Аты-жөні: Касенова Маржан
    Сұрақ:
    Салеметсіз бе! Мен осы хатым арқылы сізге айтарым Рудный қаласының сот орындаушылары өздерінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы салғырттық танытаныны. Менің сұрағым алимент бойынша. Цыбанев Максим Гергиевич маған яғни Ксенова М.Б. 2006 жылы туған баласы Цыбанев Руслан Максимовичке 2007 жылдан бері қарыз. Цыбанев М.Г.,іздестіруде болатын, оны осы жылдың сәуір айында іздеп тауыпты. Сот орындаушы маған ескертпеді, сұрағыма 3 айдан кейін хабарласыңыз дейді, бұны қалай түсінуге болады? Цыбанев М.Г., 3 тәулікке қамалғандығы туралы соттың шешімін жіберулері тиіс еді, және менен банк шотының номерін де сұрамайды. Борышкер неге маған қарызын төлемейтінін түсіндірмейді. Осы менің сұрағымды жауапсыз қалдырмайсыз деп сенемін.
    Жауап күні:
    20 сәуiр, 2017 - 18:26
    Жауап:
    Құрметті блогты пайдаланушы! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Сізбен Пайдаланушының келісім шарттары сақталынбаған. Назар аударыңыз: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына былайша жолданады: - арнайы әкеліп тапсыру; - пошта арқылы жолдау; - www.115.kz электронды порталына жіберу. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет.

Беттер