Прокуратура - құқық қорғау органдарының түп қазығы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Тәуелсіздік алғаннан бері прокуратура органдары елімізде демократиялық жүйе қалыптастыруда, әлеуметтік-экономикалық дамуда оңды нәтижелерге қол жеткізуде үлкен үлес қосты. Құқықтық саясат тұжырымдамасында Елбасы Прокуратура - құқық қорғау органдарының түп қазығы екенін атап айтып, осы талапқа сай прокуратура органдары алдына жаңа міндеттер қойды.

1991 жылы 6 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың еркіндігін және тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулысымен Қазақ КСР Бас прокуратурасына бағынышты прокуратура органдарының бірыңғай жүйесі құрылған болатын.

Заңдылықты нығайту мен адам құқықтарын қорғау тәрізді біртұтас міндетті шешуге бағытталған прокурорлық қадағалау қызметінің басты басымдықтары да прокуратураның айшықты орнын анықтай түседі.

Прокуратура еліміздің заңдарының мүлтіксіз сақталуы, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың, қоғам мен мемлекет мүдделерінің берік қорғалуы жолында қызмет етеді. Прокурорлардың айбынды күш-жігерлері адам құқықтары мен мемлекеттің мүдделеріне айтарлықтай қауіп төндіретін заң бұзушылықтарды жедел жоюға бағытталған.

Прокуратура қызметкерлерінің әрбір толқыны өздерінің кәсіби шеберліктерін дәлелдеп және таңдап алған кәсіптеріне адалдық таныта отырып, қадағалау органдарының қалыптасу шежіресіне өз үлестерін қосып келеді.

Ал заңдылық пен әділеттіліктің басты қағидаларын нығайтуға теңдессіз үлес қосқан ардагерлеріміз шын көңілден айтылатын қандай да бір ерекше жылы лебіздерімізге лайық.

Қостанай облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы