Мұқият болыңыздар!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Соңғы уақытта «телефондық алаяқтар» аталымдағы фактілер жиі бола бастады, яғни қандай да бір үйдің адамдарына белгісіздер қоңырау соғып, полиция қызметкерлері болып таныстырылып, туған-туыстардың біреуінен қылмыс жасағаны үшін ұсталды деп және оның босатылуы үшін ақша қажет деп хабарласады.

Бұндай тәсіл азаматтардың хабарлап түсіндіруінсіз және абыр-сабырға әкелуі есептелген, қылмыскерлер сонымен қатар үнемі ішкі істер органдарының жедел жұмыскерлері ретінде «құрбанына» телефонмен оны асықтыра ақша немесе өзге құндылықтарды, көп жағдайда ұялы байланыстың теңгерімін толтыру үшін бірліктерді беруге қоңырау шалады.

Осындай жағдайларда азаматтар көп негізде абыр сабырға келіп, «апатқа түскен» жақын туысына қоңырау соғу ойы қылмыскерлердің өздерінің ойларын жүзеге асырғаннан кейін келеді. 

Меңдіқара ауданы ұқсас жағдайларда тысқары қалмайды, 2015 жылы және 2016 жылдың өткен кезеңі бойынша мінездемелік қылмыстар бойынша Меңдіқара АІІб-де  кемінде 10 қылмыстық іс қозғалған, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Жоғарыда айтылған туралы хабарлай отырып, азаматтардан өтінерім, ұқсас жағдайларда у шу шығармау, бірінші кезекте туысына қоңырау соғып және одан болған жағдай туралы сұрастырып алу, егер бұл да жетістікке жетуге әкелмесе, аумақтық ІІб-нің кезекші бөліміне қоңырау соғу, онда нақты болған оқиғаның фактісі бар ма немесе жоқ екенін анықтауға болады.

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі