Алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласында Арқалық қаласы прокуратурасының жұмысы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алаяқтық саласында жасалған қылмыстық фактілерге жол бермеу ескерту мақсатында Арқалық қаласының өкілетті органдарының өкілдерімен қала прокурорының жанындағы ведомствааралық жедел кеңес жүргізіліп, жеке меншікке қарсы қылмыстарға қарсы әрекет етуді жақсартуға бағытталған ұсыныстар тұжырымдалды.

Заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайының мәселелері үнемі бақылауда тұрады, негізгі назар аладын алуға, ескертуге және қылмысты бұлтартпауға бөлінген.

Құқықты түсіндіру аясында қала прокуратурасымен алаяқтың алдын алу бойынша 8 мақала, «Арқалық хабары», «Торғай» газетінде басылып шықты, «Арқа Дидары» телеканалының эфирінде алаяқтың алдын алу тақырыбында материалдар орналасқан, сондай-ақ  1 бейнеролик жасалды, жергілікті атқарушы органдардың ведомствалық сайтында буклеттер , оқу орындары мен ұйымдардалекциялар жүргізіліп, «Алаяқтың құрбаны болмайық» буклеттері таратылды, Арқалық қаласының ІІБ тергеу бөлімінің жеке құрамыменай сайын тергеп-тексеру әдістемесіне және БСДТТР мәліметтер базасына осы түрдегі қылмыстарды тіркеуге қатысты дәрістержүргізіледі.

2016 жылдың 29 қыркүйегінде Арқалық қаласының территориясында ҚР ҚК 190 бабы бойынша 24 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, 2015 жылдың ұқсас кезеңіне қарсы 44  қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген (45,5% төмендеген).

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі