Алаяқтардың қалай құрбаны болмауға болады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бұл қылмыста халықтың еңбекке жарамды бөліктері, қарт адамдар, көбінесе әйелдер жағы құрбан болып жатады. Алаяқтар жәбірленушілердің заңи сауатсыздығын, сенгіштігін, тез ақша табуын және басқа да адами факторларын пайдалануда.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін сақтанып жүруіміз қажет. Азаматтарды шақырамыз.

-күдік тудыратын жылжымайтын мүліктердің, жер учаскілерінің, транспорттық құрылғылардың және т.б. сатып алу-сату шартының бағасы күрт төмендесе немесе белгіленген күн аралығында жеткізелетін болса, қатыспау;

-белгісіз тұлғалардың полиция қызметкері болып, телефон арқылы туысқаныңыз ұсталғаны туралы хабарлап, осы мәселені шешу үшін ақшалай қаражат аудау керек деген арандатушылығына ұрынбау;

-белгісіз тұлғаның далада Сіздің телефоныңыз арқылы қоңырау шалуын сұрап - ізінше жасырынып қалуы мүмкіндігінен сақтану;

-банктен несиені әзірлеп, несиенің міндеті бойынша қарыз алушының орнына ақшаны бөліп немесе толық төлеу арқылы «жеңіл ақша» табамын деген ойдан арылу;

-салымшылардың есебіне байланысты өзінің қызметін жүзеге асыратын, соның ішінде ыдыстарды, парфюмерлерді, тұрмыстық техникаларды және т.б. сату бойынша әр түрлі қаржылық пирамидаларға қатыспау;

Алаяқтар тез тіл табысады, байланысқа түсе біледі, өзіне сенім немесе аяушылық сезімін шақыра алатынын есіңізде болсын. 

Құрметті азаматтар, сақ болыңыздар, сергектік танытыңыз, өзіңізді алдауға жол бермеңіз, алаяқтық оқиғасы орын алған жағдайда тез арада құқық қорғау мекемесіне жүгініңіз және хабарлаңыз. 

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі