Қостанай облысының прокуратурасында жаңа кадрлық тағайындаулар

25 April 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурордың а.ж. 24 сәуіріндегі бұйрығымен Қостанай облысының прокуратурасында бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізілді.

          Облыс прокурорының бірінші орынбасары болып аға әділет кеңесшісі Сматов Марат тағайындалды.

        М.Е.Сматов 1974 жылы туған. «Құқықтану» мамандығы бойынша Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін бітірген.

    Прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы Әскери прокуратураның Шымкент гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі болып бастаған.

      Кейіннен Оңтүстiк Қазақстан облысының прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Қазығұрт ауданы прокурорының көмекшісі, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры, Түлкібас ауданы прокурорының орынбасары, облыс прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, облыс прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі болған.

       2011-2017 жылдары Оңтүстiк Қазақстан облысының Отырар ауданының және Шымкент қаласының Еңбекші ауданының прокуратурасын басқарған.

         2017 жылдың қазанынан бастап Қостанай облысы прокурорының орынбасары.

         Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 20 жылдан астам.

 

 

         Қостанай облысы прокурорының орынбасары болып әділет кеңесшісі Казиев Мақсат тағайындалды.

     М.Б.Казиев 1981 жылы туған. «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

         Еңбек қызметін 2003 жылы Алматы облысының Жамбыл аудандық сотының маманы, кейін дәл осы облыста АІІБ анықтау бөлімінің анықтаушысы болып жұмыс істеген.

         Прокуратура органдарында 2006 жылдан бастап қызмет атқаруда, кейіннен Алматы облысының Жамбыл ауданы прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі, Астана қаласының «Алматы» ауданы прокурорының көмекшісі, Бас прокуратураның басқарма прокуроры және аға прокуроры, Ақмола көлік прокурорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

       2014 жылдан бастап 2016 жылдар аралығындағы кезеңде Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

        2016 жылдың қазанынан бастап Қостанай қаласының прокуроры.

        Құқық қорғау қызметіндегі жалпы жұмыс өтілі 14 жылдан астам.

 

 

         Қостанай қаласының прокуроры болып кіші әділет кеңесшісі Сарсенов Ерлан тағайындалды.

     Е.Н.Сарсенов 1981 жылы туған. «Құқықтану» және «мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Еуразия гуманитарлық институтын бітірген.

     Прокуратура органдарындағы еңбек қызметін 2004 жылы Астана қаласы прокуратурасының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

     Кейіннен Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы прокурорының көмекшісі, дәл осы прокуратураның бөлім бастығы, Астана қаласы прокуратурасының Басқарма прокуроры, Көкшетау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Орал қаласы прокурорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

   2017 жылдың желтоқсанынан бастап Қостанай облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі Басқарманың бастығы.

       Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 11 жылдан астам.

 

 

Қостанай облысының прокуратурасы  

 

 

Comments

Add new comment