Қостанай облысының прокурорлары 2018 жылдың жұмыс қорытындыларын шығарды

30 January 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қостанай облысының прокуратурасында кеңейтілген алқа отырысы өткізілген болатын.

       Есепті жылда қадағалау қызметінің нәтижесінде мемлекет кірісіне 1 млрд. теңгеден астам сома өндіріліп алынғаны атап өтілді.

       3,5 мың жұмысшылардың мүдделеріне байланысты қосымша жұмыстар үшін 140 млн. теңге және жалақы бойынша 16 млн. теңге берешек өндіріліп алынды.

     Облыстағы қылмыскерліктің деңгейі 7 %-ға (17 731-ден 16 479-ға дейін), аса ауыр қылмыстар 10%-ға (183-тен 165-ке дейін) төмендеді, құқық бұзушылықтар жасаудың орны және субъектілері, түрлері бойынша төмендеудің тұрақты динамикасы бар.

         Ұрлық 8%-ға (10 488-ден 9 631-ге дейін), айдап әкету 11%-ға (237-ден 210-ға дейін), тонау 12,5%-ға (584-тен 511-ге дейін), бұзақылық 26%-ға (425-тен 315-ке дейін) төмендеген.

     Қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың саны 21%-ға                  (5 231-ден 4 140-қа дейін), алкогольдік мастану күйінде 11%-ға (1 987 -ден 1 770-ке дейін), бұдан бұрын жасағандар 7%-ға (3 417-ден 3 183-ке дейін), жасөспiрiмдердiң қылмыскерлігі 13,2 %-ға (243-тен 211-ге дейін) төмендеді.

       Қылмыстық саясатты ізгілендіру қарсаңында күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаудың саны 35%-ға (659-дан 431-ге дейін), ұсталғандардың саны 27%-ға (594-тен 434-ке дейін) төмендеді, үйқамақ (13-тен 25-ке дейін) және ешқайда кетпеу туралы қолхат (3-тен 748-ге дейін) түріндегі альтернативтік шараларды қолдану 2 есе артқан.

       Прокурорлармен уақытша ұстау изоляторларынан (4-тен 24-ке дейін) және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының қызметтік кабинеттерінен (1-ден 9-ға дейін) босатылған азаматтардың саны 6 есе өсті.

     Мемлекеттік айыптауды қолдау кезінде 6 тұлғаға қатысты айыптаудан бас тарту жарияланды, жаза төмендетілді және 32 тұлғаның жағдайы жақсарды.

         Электрондық қылмыстық істі енгізу артықшылық болып қалуда. Электрондық форматта 1 615 іс немесе тергелетін істердің жалпы санынан 5,6% тергеп-тексерілді, оның 162 сотқа жіберілді.

      Өткізіліп жатқан жұмыс облыстағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайына жалпы түрде ықпал етті және алқа қорытындылары бойынша прокурорлардың алдында басым мақсаттар қойылып, 2019 жылға нақты тапсырмалар берілді.

 

 

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі

Comments

Add new comment